Жаңбыр, найзағай, жел: 3 маусымда күн құбылмалы болады
316
Қазгидромет синоптиктері 3 маусым, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ болады.
Алайда елдің солтүстік және орталық аймақтарына жауын-шашынсыз ауа райын әкелетін антициклон әсер етеді.
Республика бойынша жел күшейеді, шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Түркістанның тау бөктеріндегі аудандарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысы мен батысында, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Соңғы жаңалықтар
06.06.2026
17:30
“Пышақтап, көлігін тартып алған”: Алматыда көлі...
06.06.2026
16:14
“Етек астынан түсірді”: Астанадағы сауда орталы...
06.06.2026
15:02
Қызылорда облысында жоғалған 6 жастағы қыз екін...
06.06.2026
14:30
Сарапшы БЖЗҚ шектерінің көтерілуіне пікір білдірді
06.06.2026
14:18
Зейнетақы жинағын шешу шегі неге қайта өсті? Ең...
06.06.2026
13:36
“Балаларымның несібесі шығар”: Мөлдір Мұқанова ...