«Жалғыз ұлыңды өлтіреміз». Дана Нұржігіт шұғыл түрде көмек сұрады

0
2268

Белгілі диктор Дана Нұржігіт қазақстандықтардан көмек сұрады. Ол жақында Динара Сәтжанға сұхбат бергеннен кейін қоқан-лоқыға ұшыраған. Әлдекімдер пікір жазып, оның ұлын өлтіретіндерін айтқан.

Дана Нұржігіттің хабарлауынша, белгісіз біреулер сұхбаттың пікір жасатын алаңына жазба қалдырып, «жалғыз ұлыңның өлімін көресің» деп айтқан. Қазір Дана Нұржігіт бұл жағдайға қатысты қатты алаңдаулы әрі қазақстандықтардан көмек сұрайтынын жеткізді.

«Қымбатты отандастар! Динара Сәтжанға берген сұхбаттан кейін жаңа ғана сол видеоның астына мынандай комментарий қалдырып кетіпті біреу. Менің ұлым мен маған қоқан-лоққы көрсетіпті. Мен жалғызбасты анамын. Балам кәмелет жасқа толмаған. Білесіздер. Бәрін көріп біліп отырыңыздар! Кибер-сталкинг деген осы,міне! Мен көмек сұраймын!», — деп жазды Дана Нұржігіт.


ПІКІР ЖАЗУ