Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жалға алған пәтердің терезесінен секіріп кетті

0
255

Жамбыл облысында 17 жастағы қыз жалға алынған пәтердің терезесінен секіріп,  қаза тапты.

Қайғылы оқиға Гвардейский ауылында болған. Қыз сол күні пәтер жалдап, онда кеш ұйымдастырып, 9-сыныпта оқитын бес ұлдарды қонаққа шақырған. Олар Отар ауылындағы №41 мектептің оқушылары. Кеш барысында қыз бірнеше рет өмірімен қош айтысқысы келетінін айтқан.

Түн ортасында ол құрбысына «Мен сені жақсы көремін. Егер маған бірнәрсе болса, бәріңді жақсы көретінімді біліп жүр» деп хабарлама жіберген. Қыз бұл хабарлама арқылы не айтқысы келгені әлі түсініксіз. Таң ата көрші үйдің тұрғыны көпқабатты үйдің жанынан қыздың жансыз денесін тапқан. Қыздың анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылған.

Қайғылы оқиға кезінде кештегі жасөспірімдердің қыздың жанында болғаны не болмағаны белгісіз. Олардың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Кілтсөздер:тараз


ПІКІР ЖАЗУ