Жапония алғаш рет қазақ мұнайын Германияға жеткізді

0
39

Жапонияның Inpex компаниясы өткен айда Қашаған кешіндегі өз үлесінен алғаш рет немістің мұнай өңдеу зауытына шикізат жеткізді. «Қара алтын» Германияға Ресейдің «Дружба» құбырымен жіберілген. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Дегенмен, жапондық кәсіпорын тасымалдаудың сәуірде сынақ ретінде жүзеге асырылғанын, бірақ мамырда қайталанбайтынын мәлімдеген.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай Қазақстанның «Дружба» арқылы Еуропаға мұнай экспортын күшейтіп жатқанын білдіреді және керісінше жағдайда, Еуропа одағының Ресей мұнайына жариялаған эмбарголарына байланысты бұл құбыр босап қалар еді.

Қазақстан халықаралық теңіз жолдарына тікелей шыға алмайды. Сондықтан оның мұнайының орасан бөлігі Ресей арқылы шетелге экспортталады.

Израиль экологиялық қауіпке қарамастан өзінің Қызыл Теңіздегі Эйлат портында мұнай танкерлерін көбірек қабылдауды жоспарлап отыр. Бірқатар бақылаушылардың ойынша, еврей мемлекетінің мұндай шешім қабылдауына «Хамаспен» арадағы соғыс себепші.

Сол қарулы қақтығыстар нәтижесінде Израильге ливандық «Хезболла» мен Ирактағы, Йемендегі ираншыл қарулы топтар тарапынан шабуылдар жасалып, энергетикалық  шикізкат тасылмалдауға қауіп төніп отыр. Бұл жағдай экономикалық өсімді сақтауға кедергі жасауы мүмкін.

Жаңа жоспарға сәйкес, Эйлат жағасына енді ондаған миллион тонна мұнай тиелген 50 шақты кеме аялдауы керек. Ал бұған дейін олардың орташа саны екеу болатын.

Израильдің Экология министрлігі бұл өзгеріске қарсы. Оның сөзінше, осы танкерлерден теңізге аз ғана мұнай төгілетін болса, маржантастар рифіне зиян тимек. Ал тасымалдаушы компаниялардың сөзінше, мұнай танкерлерін қабылдап тұрмаса, Эйлат порты құлдырауы мүмкін.

 


ПІКІР ЖАЗУ