Желіде Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат тарады

0
234

Әлеуметтік желілерде экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы ақпарат жүр.

Қазақстанның бұрынғы министрі колониядан қашып кетті. Ол резонос тудырған қылмыстық іс бойынша 24 жылға сотталған болатын,-деп жазылған желідегі ақпаратта.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл мәліметті жоққа шығарды және жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Ол қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеп отыр. Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз,-делінген ҚАЖК мәліметінде.



ПІКІР ЖАЗУ