«Жер сілкінгенде қауіп 3 есе артады ма?»: Алматының тау бөктерінде үй салатындар азаймай тұр
Алматының тау бөктерінде тұрғын үй салатындар азаяр емес. Ал сарапшылар болса бұның адам өмірі үшін өте қауіпті екенін айтады.
Қалтасы қалыңдар Алматының таулы аумақтарынан үй салады деген пікір қалыптасқан. Бірақ сол жер учаскелері қаншалықты қауіпсіз?
Тау бөктерінде үй салған көп тұрғынның бірі – Айман. Оның мұнда тұрғанына 20 жыл болған.
«Алғаш біз келгенде жер учаскесі арзан болды, өйткені саяжай болған. Қазіргі күні мұнда жайсыз, қалтарыстағы алақандай жер телімі ең арзан дегенде 10 млн теңгетұрады», – дейді ол.
Айман тұрған үйінің жайсыз екенін айтады. Тіпті кір-қоңды жинап-жинап, суы бар ауылға барып жуамыз дейді.
«Мамырдан қазанға дейін мүлдем су жоқ. Сосын жол өте нашар. Бір көлік өткеннің өзінде жолдың шетіне қарай қашып, өткізіп барып жүреміз. Бұрын мұндай болмайтын, қазір жаяу жүрудің өзі қауіпті. Ал жер сілкінеді дегенді естіген сайын зәреміз зәр түбіне кетеді», – дейді ол.
Ал Сергей Иваненконың таулы беткейді паналап тұрғанына 10 жылдан асқан.
Алдында топырақ көшіп, бір отбасыопат болғанын естідік. Бұл техникалық қателік, дұрыс емес жерден ешбір талапқа сай салынбаған үй болуы мүмкін. Негізі бұл аудандағы жағдай осыдан он жыл бұрын дәл осындай болған, әлі сол жағдай. Су жоқ, жолдың түрі мынау. Тауға үй салатындар саны тым көбейіп кетті. Негізі саяжай үшін рұқсат берілгенімен, кейін бірнеше қабатты тұрғын үйлер қаптап кетті, әрқайсысында үлкен бассейн бар. Судың шығыны көп», – дейді Сергей Иваненко.
Оның айтуынша, тауға салынған үйлерге қатаң талап қою керек.
«Қазіргі күні мұндағы жер учаскесінің бір сотық орташа есеппен 10 мың доллар. Тауда салынған көпқабатты үйлердің бәрін сүру керек, талапты қатаңдату керек. Өйткені тауды жағалай бірнеше қабатты тұрғын үйлер салып тастаған. Ол төмендегі үйлерге қауіп төндіреді», – дейді Сергей Иваненко.
Жол демекші, мұндағы жолдардан бір-біріне қарсы жүрген көлік өте алмайды, ал жаяу жүргінші жолы туралы айтудың өзі артық.
Қазіргі күні Алматының тау бөктерінде ине шаншар орын жоқ. Ал көпқабатты құрылыс болса саңырауқұлақша қаптап барады.