Жетібайдағы «Westoil Software» ақыры 50 қызметкермен келісімшартты бұзды

0
114

 

Компания бүгіннен бастап ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімін негізге ала отырып, өндірістік қажеттілікке байланысты 50 қызметкермен еңбек шартын бұзатынын хабарлауға мәжбүр екен.

«Пайда болған бос орындарға жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтардың арасынан қабылдаймыз. Бұл ретте жұмысқа қабылдау ісі бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл тәсіл еңбек заңнамасына толығымен сәйкес келеді», – делінген компанияның хабарламасында.

Жұмысқа қабылдау процесі аяқталғанша жұмыстан босатылған қызметкерлердің келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндігі бар екен.


ПІКІР ЖАЗУ