Жұлдыз Әбдікәрімова енесін «Гүлзира Үсенқызы» деп атады

0
969

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова арнайы Астанадан ұшып келіп, енесі Гүлзира Айдарбекованың дүкенінің ашылу салтанатына қатысты. Қайрат Нұртастың келіншегіне дүкеннің тұсаукесер рәсімін өткізу мәртебесі бұйырған.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында мерекелік шарадан видео жариялап, Айдарбековаға жазба арнады. Өнер иесі аса жауапты сәтте өзіне сенім артқан жұлдызды енесіне алғысын айтқан.

Қайрат Нұртастың келіншегі жаңа дүкеннің тұсаукесер рәсімін өткізіп, қызыл лентаны кескен.

«Бүгін Алматыда Гүлзира Үсенқызының дүкенінің ашылу салтанатына қатыстым. Лента, тұсау кесетін жасқа жетіп қалғанымды байқамай қалыппын. Жауапты сәтте маған сенім артып, тапсырғаныңызға рақмет. Кәсібіңіз берекелі, табысты болсын», – деген жазба арнады актриса.


ПІКІР ЖАЗУ