«Жұлдыз дуалап тастаған». Гүлзира Айдарбекова келіні туралы айтып, жұртты шошытты

0
101

Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты бір тың ақпарат айтты, деп хабарлайды politico.kz Kyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бағдарламаның бірінде продюсер ұлы мен келініне қатысты қызық оқиғасымен бөлісті.

Ол кезде Қайрат хит болып жатыр. Қыздар көп артынан жүгіретін. Мен Жұлдызды көріп алғанмын. Одан басқасын елестете алмаймын. Басқа ешқайсысы ұнамайды. Сосын бір күні Қайрат пен Жұлдыз екеуі ұрсысып қалған. Содан үйге келіп «мама, ана қыз менің басымды дуалап тастаған. Әдемі қыздар көп. Қарайын десем, Жұлдыз миымда тұрады да қалады. Ана дуасын оқытып, қайтадан ашып беріңізші» дейді. Ол кезде жасы 17-де ғой. Содан мен отырып «балам бұл махаббат» деп айттым, – дейді продюсер күліп.


ПІКІР ЖАЗУ