Жыл қорытындысы: жаңа мектептер мен жатақханалар, білім беру гранттары мен шәкіртақыларды көбейту

0
81

Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.

Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

Атап айтқанда, осы жылдың айшықты оқиғаларының бірі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады. Биылғы білім беру саласындағы жаңа жобалар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы осы материалдан оқыңыздар.

● Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді. 210-нан астам мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы. Оның құрылысына 7,5 млрд теңге жеке инвестиция салынды.

Мектеп бір ауысымда 1,5 мың оқушыға білім береді. Ол сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген.

Баянауыл ауданы Қаражар ауылында 100 балаға арналған заманауи мектеп салынды.

Жаңа білім беру нысанының құрылысына 650 млн теңге кетті. Ескі ғимарат 65 жыл қызмет еткен.

● «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).

● Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап (жемқорлардан қайтарылған қаражат) арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.

Елордадағы №96 мектеп-гимназиясы жемқорлардан алынған қаражат есебінен салынды.

Жобалық қуаты – екі ауысымда 2 400 оқушы орны.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысының Жалтыркөл ауылында 300 оқушыға арналған мектеп ашылды. Ол да Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 1,5 млрд теңгеге салынған.Мектепте 21 оқу кабинеті бар. Мұнда 250 оқушы білім алады.

1 қыркүйекте СҚО Тайынша қаласында 600 оқушыға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен салынған. Құрылысқа 2,2 млрд теңге құйылды. Ескі мектеп ғимараты бұрын басқа мақсатқа қолданылған және апатты жағдайда болған.

● Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында 718 мектеп 1 067 заманауи химия, физика, биология, STEM және робототехника кабинеттерімен жабдықталды.

● 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, олардың ішінде 1,4 млн бастауыш сынып оқушысы және әлеуметтік осал топтардан шыққан 200 мыңнан астам бала бар.

● Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін күшейту үшін тиісті жүйелер, атап айтқанда, бейнекамералар, дабыл түймешелері, турникеттер орнатылып, жұмысы қамтамасыз етілген.

Павлодар облысында балаларды тасымалдау үшін 46 мектеп автобусы сатып алынды. Олар 6 аудандағы ауыл мектептеріне, сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарына берілді.

● «Балабақшаға есепке алудың бірыңғай базасы» әзірленіп, іске асырылуда. Екі облыста балабақшаға есепке алу жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді. 2024 жылы толық іске қосу жоспарланған.

● Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті. Осылайша, 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы 2 есе көбейіп отыр.

● Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.

● «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы». Президенттік жастар кадр резервінің үлгісі бойынша мықты педагогтар қатарынан кадр резервін іріктеу және даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленіп, іске асырылуда.

● Білім беру ұйымдарында тәрбие сапасын арттыру бойынша «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» қабылданды.

● Азаматтарға жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі ретінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

Жүйе аясында балаға арнайы шот ашылып, оған мемлекет 60 АЕК (5 жастағы балаларға) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын салады. Онда ата-аналардың ерікті жарналары, 5%-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қаражаты жиналатын болады.

Айына 1 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна салынатын болса, бала 18 жасқа толғанша 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналады. Ата-аналардың ерікті жарналары, мысалы, айына 3 АЕК-ке дейін жетсе, 7 млн теңгеден астам қаражат жинау мүмкін болады.

Сонымен қатар жүйе аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары көзделген. Грантқа түскен жағдайда талапкер жиналған қаражатты тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады.

● 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Бұл көрсеткіш 2019 жылдан бастап тұрақты түрде өсіп келеді, ол кезде мемлекеттік тапсырыс көлемі 51 мың грант болған.

● 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.

● Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр. Жалпы барлық көздер есебінен 2028 жылға дейін 55,5 мың орын пайдалануға берілетін болады.

Қарағандыда заманауи студенттер жатақханасы ашылды. Тоғыз қабатты ғимарат екі жыл ішінде Қаржы орталығының қолдауымен университет қаражатына салынды.

Жергілікті билік қала орталығынан жер бөлген. Жатақхана 400 студентке арналған.

● Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.

● Колледж студенттеріне арналған жаңадан 13 жатақхана ашылды.

● ТжКБ ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға дейін ұлғайтылды.

● Зерттеу экожүйесін құру және серпінді технологияларды дамыту мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және М. Әуезов атындағы ОҚУ зерттеу университеттеріне айналды. Бұл университеттік ғылымның республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар үлесін ұлғайтуға, экономиканың түрлі салаларында жаңа өнімдер мен технологиялық процестерді құруға, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландырудан түсетін табысты ұлғайтуға, жаңа кәсіптер мен технологияларды ескере отырып, инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

● Халықаралық академиялық рейтингтерге қатысуды кеңейту есебінен қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігінде танылу деңгейі артты. Мәселен, QS WUR 2023 рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО кірді, көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп отыр. Сондай-ақ Times Higher Education рейтингінде ҚР жоғары оқу орындарының белсенділігі артып келеді.

● Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда:

– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Хериот-Уотт университетінің (Шотландия) филиалы құрылды;

Heriot-Watt University филиалы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында құрылды. Бұл Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін қайта форматтау жөніндегі тапсырмасын іске асырудың айшықты мысалдарының бірі. ЖОО-да еліміздің 9 өңірінен 300 студент білім алуда. Олардың 35%-ы – ауыл мектептерінің түлектері, 42%-ы қолдауды қажет ететін әлеуметтік санаттардан шыққан.

– Шәкәрім университетінің базасында Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің (Польша) филиалы ашылды;

– І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Марке политехникалық университеті (Италия) арасында филиал құру туралы келісімге қол қойылды;

– Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (неміс ЖОО консорциумы) құрылды;

Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты Ақтаудағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жұмыс істейді. Түлектер 8 бакалавриат және 6 магистратура мамандығы бойынша қос диплом алады.

– Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында Гонконг қаласындағы университеттің филиалы ашылды;

– Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіби университеті (ҚХР) базасында Лу Бань шеберханасы ашылды;

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Тяньцзинь кәсіби институтымен бірлестікте Қазақстандағы алғашқы бірегей «Лу Бань шеберханасы» ашылды.

ШҚТУ-дың 400-ден астам студенті мұнда озық Қытай технологияларын пайдалана отырып, автомобиль көлігі саласында дайындықтан өтеді.

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (ҚХР) филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды.

● 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда педагогикалық білім беру сапасын арттыру үшін Дүниежүзілік банк желісі бойынша пилоттық режимде 30 инновациялық білім беру бағдарламасын іске асыру басталды. Олардың ерекшелігі – педагогтардың зерттеу дағдылары мен цифрлық құзыреттіктерін дамытуға баса назар аударылады.

● Coursera-мен ынтымақтастық аясында пилоттық жоба ретінде курс енгізу мақсатында қазақстандық 25 жоғары оқу орнының тізімі анықталды. Бүгінгі таңда 44 мыңнан астам студент Coursera платформасында 67 мыңнан астам курстан өтіп, тиісті сертификаттар алды. Бұл курстар IT, кәсіпкерлік, физика және бизнес салаларын қамтиды.


ПІКІР ЖАЗУ