Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті
22.04.2025 13:41
0
133
Фото: Видеодан кадр

22 сәуір таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Студенттер даңғылы,29 мекенжайында орналасқан ғимарат 1972 жылы салынған екен. 2022 жылдың қараша айында университеттің шаруашылық бөлімі бірінші қабаттың қабырғасынан ақау анықтап, бұл жөнінде тиісті органдарға хабарлаған. Артынша Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіп, оны апатты әрі тұруға қауіпті деп таныды. Осыған байланысты 2023 жылғы 1 ақпаннан бері бұл жатақханада ешкім тұрмайды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий