Айжан Байзақова енесі мен күйеуінен сұхбат алды

Блогер Айжан Байзақова жұбайы Нұрбек пен енесі Жаннадан бірінші рет сұхбат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Блогерге әлеуметтік желідегі оқырмандары оған енесі мен күйеуі туралы көп сұрақ қоятын көрінеді. Сондықтан ол енесін подкастқа шақырып, жанына күйеуін алып, әңгіме құрған. Бұл оқырмандары үшін эксклюзив сұхбат болды.
Байзақова бұл сұрақ оқырмандарын қызықтырып отырған №1 мәселе екенін айтып, қолына телефонын алды да «келініңіз атышулы Байзақова, яғни, бұрынғы Байзақова болады дегенде қандай күйде болдыңыз?» деген сұрақты оқып берді.
Оның енесі Жанна есімді келіншек Айжан туралы қашан және кімнен естіп-білгенін және ұлы екеуінің арасында махаббат барын естігенде, қатты қорыққанын жасырмады.
«Менің жолдасым, Нұрбектің әкесі бірінші білген екен. Ол маған Айжан туралы айтып, «екеуінің арасында бірдеме бар» деген күдігін айтты. Мен бірден Нұрбекке телефон соқтым. Ол маған «біз жай ғана доспыз» деді. Мен сол сөзіне сендім де «жай ғана дос» екен дедім. Күйеуім сенген жоқ. Сосын, Байзақова деген фамилия ойымнан кетпей, интернеттен қарап, есеңгіреп қалдым. Күйеуім не дер екен деп қатты қорықтым. Сол кезде Нұрбек хабарласып, сені ұнататынын айтты. Не істерімді білмей, уайымдадым», - дейді ол.
Оның айтуынша, ол Айжан Байзақова туралы ақпарат іздеген сайын «әкесі қарсы болатын шығар» деп ойлаған екен. Бірақ, үш қызы (Айжан Байзақованың үш қайын сіңілісі – ред.)анасына ақыл айтып, «Айжан өмірде басқа адам шығар» деп тыныштандырған. Ақыры, оның айтуынша, ақылдаса келе күйеуі екеуі Айжанмен танысайық деген шешім қабылдапты.
Соңғы жаңалықтар





