"Мен сындым. Құладым. Жыладым". Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

14.04.2025 11:04
0
969
Видеодан кадр: Instagram/aigul_imanbayeva

Әнші Айгүл Иманбаева өзінің өмірінде кездескен сатқындықтар туралы шын жүректен сыр шертті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткерген ауыр сәттерді еске алып, жақын достарының опасыздығы жанын жаралағанын мойындады. Әншінің айтуынша, ол тек бір емес, үш бірдей досынан сатқындық көрген. Бірі – жеке өміріне араласып, сенімін ақтамаған болса, екіншісі – күнделікті тұрмыстық өмірде материалдық жағдайға байланысты сенімінен шыққан. Бұл жағдайлар Айгүлдің өмірінде терең із қалдырып, оны күйзеліске ұшыратқан.

Сол қиын кезеңдерде ол жан жарасын жасыра алмай, күйреп, көз жасына ерік бергенін жасырмайды. Тіпті депрессияның тереңіне кеткенін де ашық айтты. Дегенмен, барлық қиындыққа қарамастан, ол қайта тұрып, өмірін жалғастыруға күш тапқан. Айгүлдің пікірінше, шынайы достық пен жүректегі қимастық адамды кешіруге, тіпті сатқындықты қабылдауға итермелейді. Ол сол достарын сатқындығымен қабылдағанын, бірақ ендігі жолда оларға сақтықпен қарайтынын жеткізді. Жүрегі қимаса да, мұндай кешірімнің дұрыс-бұрысын өзі де дөп басып айта алмайтынын айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий