Мереке қарсаңындағы қайғы: Полиция полковнигі ауыр жол апатынан қаза тапты

Мереке қарсаңындағы қайғы: Полиция полковнигі ауыр жол апатынан қаза тапты
08.05.2025 09:36
0
1016
ашық дереккөзден

Қостанай облысында полиция подполковнигі қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ ALASH.KZ cайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында полиция подполковнигі Батырсаим Зайтинов қаза тапты.

Ол қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде жол-көлік оқиғасы орын алған.

Бұл жайлы Ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады.

Ресми мәлімдемесінде ол марқұмның отбасына және әріптестеріне көңіл айтты:

«Қостанай облысы полиция департаментінің учаскелік инспекторының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Оның есімі ведомство мен әріптестерінің жадында мәңгі сақталады», — деп жазды Саденов Instagram парақшасында.

Жол апатының мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. ІІМ марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий