Польшаның Қазақстандағы елшісі Михал Лабенда Шымкент туралы қазақ тілінде пікір білдірді

Польшаның Қазақстандағы елшісі Михал Лабенда Шымкент туралы қазақ тілінде пікір білдірді
14.04.2025 08:46
0
236
muftyat.kz
Польша елшісі Шымкентке барып, қазақ тілінде пікір білдірді

Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михал Лабенда Шымкент қаласына сапарлап барып, өзінің әсерімен қазақ тілінде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Елші Шымкент көшелерімен серуендеп, қала тұрғындарының жол ережесін жиі бұзады деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын айтты.

– Шымкент туралы "жүргізушілері жол ережесін сақтамайды" деген сөздерді естігенмін. Бірақ бұл – өтірік. Менің байқауымша, шымкенттіктер жол ережесін сақтайды. Тек сигнал басу жиі кездеседі, – деді ол.

Михал Лабенда Шымкентті жылы, әдемі және жасыл қала деп жоғары бағалады. Оның қазақ тілінде сөйлеген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, халықтың зор қолдауына ие болды.

Елші өз ойын толық қазақ тілінде жеткізді. Айта кетейік, Михал Лабенда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шетел азаматтарына арналған қазақ тілі мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ ол араб, әзербайжан, ағылшын, поляк тілдерін біледі. Бұған қоса, Моңғолияда елші қызметін атқарып жүріп, моңғол тілін де үйренген.

– Барған елдің тілін білу – заңдылық. Онсыз дипломатиялық қарым-қатынас орнату қиын, – дейді Лабенда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий