Президент жаңа ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытында болды

11.04.2025
13:28
0
415
Қасым-Жомарт Тоқаев Coca-Cola зауытының жұмысымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 миллион литрге дейін сусын шығара алады.
Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысып, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті.
Президент зауыттың жаңа жұмыс орындарын ашуға, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлес қосатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық және шетелдік инвесторларды белсенді қолдаудың, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру мен инновацияларды енгізудің экономиканы әртараптандырудағы шешуші рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.04.2025
18:33
Тоқаев Үкіметтің өрескел олқылығы туралы айтты

18.04.2025
17:46
Ақмола облысында трактор оқушы қызды қағып кетті

18.04.2025
17:45
"Сені ешкімге бермеймін": Айнұр Тұрсынбаева үші...

18.04.2025
16:52
Жеке өмірімдегі сәтсіздіктердің болғанын жасырм...

18.04.2025
16:48
Петропавлда жартылай жалаңаш ер адамның іс-әрек...

18.04.2025
15:53
"Бала құқығы": Блогер DARICORN-ның басы дауға қ...