Роза Әлқожа ұзаққа созылған дертін ашық айтты

Роза Әлқожа ұзаққа созылған дертін ашық айтты
07.05.2025 19:06
0
950
Фото: instagram.com/rozaalkozha

Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығына байланысты қиындықтарды бастан кешіріп жүргенін әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесі ұзақ уақыттан бері жөтелмен күресіп келе жатқанын айтып, жанкүйерлеріне қазіргі жағдайын баяндады.

«Қайырлы кеш! Бұлай ұзақ ауырып көрмеппін. Бір айға созылған фарингит (кетпейтін жөтел) екен. Бәрін қойып, ем-домға кірістік. Дәрігер бір апта сөйлеуге рұқсат жоқ деді… Қалай сөйлеспей жүресің?! Сіздерде де алыс туысқаның келіп, кете алмай қалғандай қимай жүрген жөтел бар ма?! Это геноцид! Басқа түк те емес, қайталап айтамын», – деп жазды әнші өз парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің шынайы жазбасына жауап ретінде жылы лебіздерін жаудырды.

«Тез сауығып кетіңіз, апатай», «Алла шипасын берсін», «Ем болсын, айналайын алтын қыз», – деген тілектер жиі кездесіп жатты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий