Түнгі клубта өрт шығып, елуден аса адам ажал құшты

Түнгі клубта өрт шығып, елуден аса адам ажал құшты
17.03.2025 09:41
0
117
aa.com.tr

Солтүстік Македониядағы түнгі клубтағы өрттен 51 адам қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Anadolu  агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы түнгі клубтардың бірінде болған өрт салдарынан кемінде 51 адам қаза тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Оқиға кезінде 100-ден астам адам жарақат алған. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді.

Өрт жергілікті уақыт бойынша шамамен 03:00-де басталған.

Оқиға орнына Солтүстік Македонияның ішкі істер министрі Панче Тошковски аттанды.

Кочани қаласы ел астанасы Скопьеден шамамен 100 шақырым қашықтықта орналасқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий