10 млн долларды қайдан алғанын дәлелдей алмаған азамат байлығын мемлекетке өткізді

23.08.2024
21:16
0
394
10 миллион доллардан астам байлықты қайдан алғанын дәлелдей алмаған адам оны мемлекетке өткізді.
"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектісінің активтерді иемдену көздерінің заңдылығын мониторингілеу және талдау шеңберінде онымен үлестес тұлғаларда пайда болуы түсініксіз активтері анықталды.
Биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.
Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.
Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрахаттары мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның негізгі қағидаты болып қала береді.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

09.07.2025
15:24
Астанада жігіт анасы екеуі қызды ұрып-соғып, к...

09.07.2025
14:43
"Бұл орындалу керек заңдылық": Қапшағайдағы қай...

09.07.2025
14:32
Жас жігіттің мүгедек әкесіне жасаған сұмдығы ел...

09.07.2025
13:33
"Миы шайқалып, сүйегі сынған": Алматы облысы әк...

09.07.2025
13:25
Қостанайда былтыр күзде жоғалып кеткен 25 жаста...

09.07.2025
12:55
Президент су мамандарын кәсіби мерекесімен құтт...