Президент су мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградамен марапаттады

Президент су мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградамен марапаттады
09.07.2025 12:55
0
201
Ақорда
Су саласының үздіктері мемлекеттік наградамен марапатталды

Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады

Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, осы саладағы маңызды реформалар мен жетістіктерді атап өтті.

Президент су – бүкіл тіршіліктің көзі екенін, ал Қазақстан үшін бұл мәселенің ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты екенін айтты. Ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейтті болғандықтан, суды сақтау мен тиімді пайдалану – мемлекет үшін аса маңызды міндет. Осы орайда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, жаңа Су кодексі қабылданды. Су нысандарының құрылысы мен қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінді. Шетелдік инвестициялар тартылып жатыр. Қазіргі таңда салада 30 мыңға жуық маман жұмыс істейді.

Тоқаев салада білікті маман тапшылығы бар екенін де жасырмады. Былтыр арнайы университет ашылып, гранттар саны екі есе артты. 500-ден астам студент мемлекеттік қаражат есебінен оқып жатыр. Сонымен қатар, 120 қызметкер Қытайда тәжірибе жинап, қосымша білім алуда. Су мамандарының жалақысы 25%-ға өсіп, биыл тағы артатыны айтылды.

Президент таза ауыз су мәселесі туралы да айтып өтті. Қала мен ауыл тұрғындарының басым бөлігі таза сумен қамтамасыз етілген. Алайда 500-ге жуық ауыл әлі де суды қажет етеді. Осы мақсатта суды тазарту және үнемді пайдалану технологиялары енгізілуде. Су үнемдеу тарифі іске қосылып, 470 мың гектар жерге жаңа технологиялар орнатылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында су үнемдеуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Су қауіпсіздігі мәселесіне келсек, Президент су дипломатиясын дамыту қажет екенін айтты. Трансшекаралық өзендер суын тиімді пайдалану үшін көрші елдермен өзара түсіністік қажет. Қазақстан әділ және тең негіздегі ынтымақтастықты қолдайды. Су ресурстарын бөлісу мәселесінде тұрақтылық пен қауіпсіздік басымдықта. Қазақстан су-энергетика консорциумын құру бастамасын ілгерілетіп келеді. Биыл да фермерлерге қажетті су толық жеткізілуі керек.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Кіші Аралды қалпына келтіру, Каспий теңізі мен Балқаш көлін сақтау сияқты мәселелерге тоқталып, сала қызметкерлеріне ерекше алғыс білдірді. Былтырғы су тасқыны кезінде мамандардың ерлікпен еңбек еткенін атап өтіп, олардың кәсібилігіне жоғары баға берді.

Іс-шара аясында су шаруашылығы саласының үздіктері мемлекеттік наградамен марапатталды.

«Парасат» орденімен

Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда қаласы;

«Құрмет» орденімен

Әубәкіров Дихан Уәлиханұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының учаске бастығы

Ғұмаров Төлеген Базарұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары

Егер Владимир Фёдорович – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалының басқарма бастығы

Жолдасбеков Бақтияр Өтепбайұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының учаске бастығы

 Кәкімжанов Сәлім Бариұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы учаскесінің бас энергетигі

Көшекпаев Қайырбек Қуанышбайұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының учаске бастығы

Қарабекова Әмина Алпысбайқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының қызмет бастығы

Нұрабаев Дәулетбай Мырзайұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының учаске бастығы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Ахмедин Нәби Арашұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының бөлім бастығы

 Жұмамұратов Қосай Ерекешұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалы учаскесінің сорғы станциясының машинисі

Занкевич Татьяна Борисовна – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалы учаскесінің операторы

Захаров Виктор Владимирович – «Қаражал қаласы әкімдігінің қалалық коммуналдық шаруашылығы» слесары, Ұлытау облысы

Кәрімов Нұрмұхамет Нұрахметұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы учаскесінің жетекші инженері

Қапарбаев Мергенбай Дәулетбайұлы – «Өзенинвест» МКК бас инженері, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы

Қасенов Бейімбет Жеңісбекұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы учаскесінің су беруді реттеушісі

Мәденова Бағадат Рақымжанқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы бөлімшесінің жетекші инженер-гидротехнигі

Мәмелбаев Кинебай Нұрмағамбетұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Қостанай филиалының учаске бастығы

Өксікбаев Нұргелді Махатұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы учаскесінің гидротехнигі

Өтеулиев Мақсұт Бекенбайұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы учаскесінің аға инженер-гидротехнигі

Сарбасов Құттыбай Көбейұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының учаске бастығы

Сариев Қами Өтеғалиұлы – еңбек ардагері, Атырау облысының Махамбет ауданы 

Стасевский Александр Васильевич – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалы учаскесінің электрмонтері

Ысқақ Дархан Сансызбайұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Су-метрология» филиалы директорының орынбасары – бас инженері;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен 

Айтқұлов Манарбек Төлегенұлы –  Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Ақмола филиалы учаскесінің инженер-гидрологі

Ахметов Нұржан Бахытқалиұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалының бөлім бастығы

Байжанов Жазбек Тайыпұлы – Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» МКК машинисі

Ғалиев Жігер Төлеубекұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы учаскесінің инженер-гидротехнигі

Жайсамбекова Раушан Аманбекқызы – «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бөлім меңгерушісі, Тараз қаласы

Жолдас Ғабит Талғатұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының учаске бастығы

Кушнаренко Наталья Степановна –  Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалының диспетчері

Күзембаева Раушан Сағынғалиқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Алатау» филиалының маманы

Қалелов Елжас Қанатұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан филиалы бөлімінің механигі 

Қалиев Алмас Дулатұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалы учаскесі бастығының орынбасары

Мұсаханова Кәмшат Біржанқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Абай» филиалы учаскесінің техник-гидрометрі

 Өшіров Талғат Саматұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Абай» филиалы учаскесінің су беруді реттеушісі

Плаксин Николай Васильевич – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» филиалының механигі

 Сағынбекова Жансая Өмірбекқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Су-метрология» филиалының бөлім бастығы

Тұрғанбаев Нұрболат Шекербекұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы учаскесінің слесары

 Тұяқов Асылбек Мырзабекұлы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Павлодар филиалының учаске бастығы

Шәмілова Ұлғаным Тілекқабылқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының бас гидротехнигі – қызмет басшысы

 Ысқақова Айкүл Оспанқызы – Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы бөлімінің инженері;

 «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Зәрубаева Ғалия Ғаббасқызы – еңбек ардагері, Жамбыл облысы

Қарлыханов Әділхан – еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Наметов Бекзат Мұсахметұлы – еңбек ардагері, Ақтөбе қаласы.

 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий