12 рет пышақ сұққан: Есікте ер адамды айуандықпен өлтірген

12 рет пышақ сұққан: Есікте ер адамды айуандықпен өлтірген
05.07.2024 14:01
0
158

Алматы облысының Есік қаласында аса қатігездікпен адам өлтіру фактісі тіркелді,-деп хабарлайды politico.kz

4 шілде күні Есіктегі жанармай құю бекетінің маңында екі жігіт сөзге келіп қалған. Оның аяғы адам өліміне әкелген. Ер адам екіншісін 12 рет пышақтаған, салдарынан 1995 жылғы жігіт оқиға орнында қаза тапты. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы іске байланысты мәлімдеме жасап, іс қозғалғанын айтты.
– Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген мәліметте.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий