45 жасқа толған Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты

45 жасқа толған Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты
09.09.2024 14:13
0
1908
Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 45 жасқа толды. Өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жариялап, ел назарын өзіне аударды. Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында ерекше фотосессия жариялап, әсерлі жазба қалдырды. "Осы ғой, бағым бес елі, самғатқан шаттық шырайын. Дəл осы ұлы бақытты әркімге берсін құдайым! Қош келдің, жаңа жасым", - деп жазды әнші. Желі қолданушылары 45 жасқа толған эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, ақ тілегін жаудырды. "Арғымақ пен фигурасы аттай Мадина", "45 жас құтты болсын", "45-ке толды деп кім айтады", "Әлі қыздай ғой. Мадина еш қартаймайды", "Бақытты болыңыз, ұлдың артынан қыз ерсін", "Қандай сұлусың. Жаңа жасың құтты болсын", "Мінсіз мүсінді ару, өте тартымды әрі көрікті", - деп жазуда көпшілік.
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий