Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әлеуметтік аударымдар төледі

Биыл Yandex Qazaqstan 3 млрд теңге салық пен әлеуметтік аударымдар төледі
01.07.2025 20:04
0
43
Фото: Shutterstock

Жыл басынан бері Yandex Qazaqstan Такси жүргізушілері үшін 3 млрд теңге салық және әлеуметтік аударымдар төледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
 
2025 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысына сәйкес, 85 000 жүргізуші «Яндекс Такси» платформасында мобильді қосымшаны пайдаланған. Және олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Компания жүргізушілер үшін 3 млрд теңге салық және әлеуметтік аударымдар төледі. Осылайша жыл басынан бері әлеуметтік қорғалған жүргізушілер саны екі есе өсті.

"2024 жылдың қыркүйегінен бастап «Яндекс Такси» компаниясы мобильді қосымшаны  пайдаланатындар  үшін салық агенті болып табылады. Яғни бұл дегенміз біз такси жүргізушілерін табыс салығын, міндетті медициналық сақтандыруды, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын есептеуден және жарна төлеуден босатамыз дегенді білдіреді. Барлығын өзіміз жасаймыз. Қазір осының арқасында 85 000 жүргізуші әлеуметтік жағынан қорғалған, яғни медициналық сақтандыруға, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыға құқығы бар", - деді Қазақстандағы Яндекс Такси басшысы Тайыр Байдүйсен. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы «Яндекс Такси» платформасы Қазақстанда жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны бірінші болып іске қосты. Ал 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап компания салық агенті болып, орындаушылар үшін салықтарды автоматты түрде есептеуді, ұстап қалуды және аударымдарды жүргізді. Содан бері компания бюджетке салық және әлеуметтік аударым түрінде 4,3 млрд теңгеден астам қаржы құйды.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий