«45°C-қа дейін аяз»: Қазгидромет алдағы қыс қандай болатынын айтты

0
480

Қазгидромет 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы наурызға Қазақстан бойынша консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жасады. Болжамға сай, күз бен қыста жауын-шашын нормадан асып түседі және күннің аномальды түрде суитын кезеңдері болады.

Консультативтік болжамға сәйкес қыста температура режимі климаттық норма шегінде болжанған. Жауын-шашын көпжылдық нормадан асады. Алайда жауын-шашынның тоқтауы мен температураның аномальді төмен фонымен (солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 30-45 °C аяз, елдің батысы мен оңтүстігінде 25-35 °C аяз) сипатталатын кезеңдер болады.

Қыстың алғашқы екі айы желтоқсан және қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма щамасында деп болжанады. Тек қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында) нормадан 1°С жоғары болады.

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігіндегі нормадан көп болады деп болжанып отыр.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды және Жамбыл облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында болжанған.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болжанды.

Қаңтар айында жауын шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігіндегі, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының батыс жартысында нормадан көп болады;

Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде нормадан аз болжанып отыр.

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары. Еліміздің солтүстік аймақтарында норма шамасында болжанды. Белсенді циклондар әсерінен жауын-шашын еліміздің көптеген аймақтарында нормадан асып түседі. Жауын-шашын республиканың оңтүстік-батыс жартысында климаттық норма шегінде болжанады.

Кілтсөздер:ауа райы


ПІКІР ЖАЗУ