ІІМ көріпкел мен емшілерге баратын адамдарды жазалайды
Тәжікстан Ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен емшілерге ғана емес, олардың клиенттеріне де заңды шара қолданады, деп хабарлайды Avesta.tj порталы.
ІІМ жедел-профилактикалық тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінгенін анықтаған.
Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін көріпкелдер мен сиқыршыларға жүгінген барлық азамат ішкі Істер министрлігінің бөлімшелеріне жеткізіледі. Олардың деректері ІІМ мұрағатына енгізіледі, – деп хабарлады ведомство.
Десе де Тәжікстан азаматтарының балгер мен көріпкелдердің қызметіне не себепті жүгінгені белгісіз.
Фото: qaragandyhabary.kz