Назарбаев Университеті мен «ҚазМұнайГаз» жұмысына аудит жүргізіледі: Тоқаев Смайловты қабылдады

28.08.2024
17:58
0
339
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары аудиторлық палатаның биылғы II тоқсандағы жұмысының қорытындылары таныстырылды, деп хабарлайды Politico.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген. Жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Президентке мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасы таныстырылды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндалды. Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты.
Фото: Ақорда Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
21:11
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды

03.07.2025
20:03
Баян Алагөзова мен Динара Сатжан Түркияда қалай...

03.07.2025
17:52
Өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

03.07.2025
17:48
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

03.07.2025
16:49
Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіп...

03.07.2025
16:28
Ұшақ апатынан борттағы бар адам ажал құшты