1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 50%-ға өседі

0
104

Премьер-министр Олжас Бектенов AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толығымен орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның ішінде студенттердің шәкіртақысы да бар. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде).

Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді.

Фото: istockphoto.com



ПІКІР ЖАЗУ