«Шокирующий жаңалық айтайын»: Әнару Құрманәлінің адвокаты Жанқош Тұраров туралы

0
1497

Әнару Құрманәлінің адвокаты Ләззат Ахатова facebook-парақшасында боксшы Жаңқош Тұраровқа қатысты тың мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әнаруға бұндай қадамға бару оңайға соқпаған. Қыз қатты күйзелісте жүргендіктен, сұқбатта ойын жинақтай алмай, көп нәрсені айта алмаған. Өзіне бүкіл әлем түсінбей, қарсы болатындай, тіпті суицид жасардың алдында айтып кетем
деген ой болған сияқты. Дегенмен мықты екен. Буллингке қарсы тұрудың өзі мықтылық қой, – дейді ол.

Адвокаттың айтуынша, Әнару Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы Алмалы аудандық полиция бөліміне арыз берген екен. Бір күн қамауда ұстап, арызын қабылдамай, жіберген. Ол жолы оперлар ұрып-соқпаған (!) Қамап, босатып жіберген. Куә болған құрбысы бар. Қажет болса, тергеуге де, сотқа да барып, куәлік ете алам деп отыр. Бұл – бір.

Екінші рет 2023 жылы жәбірленуші Тұраровқа қарым-қатынасты тоқтататынын айтып, енді жайына қалдырмаса, үстінен арыз жазатынын айтқан. Артынша көшеде Әнаруды полицейлер ұстап, машинаға салып, Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып келіп, бірнеше сағат ұрып-соғып, электрошокермен күйдіріп, қинаған. Себеп-салдарын айтпаған. Не болғанын да түсінбеген Әнару Қалдыбекқызы ұрып-соққан полиция қызметкерінің үстінен арыз түсірген. Іс сол күйі жабылып кеткен. (!) Қайта арызданатын боламыз, – дейді ол.

Ляззат Ахатова Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды үтікпен күйдірген, қайнаған су құйып азаптаған, жауыздық жасаған полицияға қыз балаға мұндай қиянат жасау түкке де тұрмайтынын айтады.

Енді тағы бір шокирующий жаңалық айтайын: Жанқош Тұраров 2014 жылы Индира есімді тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақ үйге апарып, дәрі беріп, зорлаған екен. Индираның боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда орын алған. Индирадан сұқбат алғысы келетін журналистер жекеге шықса болады. Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық, – дейді адвокат.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy



ПІКІР ЖАЗУ