Сарыөзекте әскери қызметші өз-өзін атып жіберді
Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамай, соның салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл ақпаратты ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады.
«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді құрлық әскерінен.
Фото: kazpravda.kz