Сарыөзекте әскери қызметші өз-өзін атып жіберді

04.09.2024
20:32
0
160
Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамай, соның салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл ақпаратты ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады.
«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді құрлық әскерінен.Фото: kazpravda.kz
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
01:12
Семейде 3 шілде күні бірнеше көше жарықсыз қалады

02.07.2025
21:07
Ар-ұждан үшін өмір сүрдім, енді өзім үшін өмір ...
02.07.2025
19:23
Меруерт Түсіпбаева никаб мәселесін көтерді

02.07.2025
18:08
Алла берген өнеріңді тоқтатпа – Төреғали Төреәл...

02.07.2025
17:55
Гүлзира Айдарбекова: Қайратты 6 мың халық күтіп...

02.07.2025
17:38
Иттер талаған 10 жастағы баланың жағдайы белгіл...