Парламентте әйелге ынтыққан депутат – феминизмді жақтайтын әншінің әкесі
Кеше «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Мәжіліс депутаты Асқар Садықовтың Парламенттен бір әйелге ұятсыз ұсыныс жасағаны үшін кеткенін растаған еді. Сол экс-депутат белгілі әншінің әкесі болып шықты.
Атап айтқанда, Асқар Садықов – шоу-бизнесте Dequine лақап атымен танымал әнші Дәнелі Садықованың әкесі.
Бұған дейін Ресейде танымал болған қазақстандық жас әнші Дәнелі Садықова отбасы мұрағатынан біраз кадр жариялаған болатын. Соның ішінде экс-депутат Асқар Садықов та бар.
Бір қызығы, Dequine жаздағы концерттердің бірінде әйелдердің зорлық-зомбылыққа төзбеуі керектігін мәлімдеген еді. Феминизмді белсенді түрде қолдайды. Енді сол ұстанымына әкесінің әрекеті қайшы келіп тұр.