Алматыда тағы біреу жүргізушіні балағаттап, автобустың әйнегін сындырды

0
107

Алматыда келеңсіз оқиғаның куәгері жолаушының автобус жүргізушісіне қоқан-лоққы көрсеткенін видеоға түсіріп алған.

 Жолаушы мен автобус жүргізушісі арасындағы жанжал түсірілген видео Almaty News Telegram арнасына жарияланды. Одан тәртіпсіз жолаушының автобус жүргізушісін қорқытқанын көруге болады. Ол бейәдеп сөздер айтып, содан кейін агрессивті әрекеттер жасаған. Ақыр соңында қоғамдық көліктің әйнегін сындырып тынған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жолаушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – делінген хабарламада.



ПІКІР ЖАЗУ