Сәкен Майғазиев тойда спорттық жаттығудың қиын түрін жасады
«МузАРТ» тобының әншісі Сәкен Майғазиев тойда денені серпу жаттығуын жасады.
Айтуынша, ол бұл жаттығудың қарапайым түрін 100-ге дейін жасай береді екен. Ал мына спорттық жаттығу эстафетасын қазір әріптестеріне арнап отыр.
Қарапайым отжиманияны 70 пен 100 реттің арасында жасай беремін. Ал мына түрі қиын екен. Сенбесеңіз, жасап көріңіз. Осы спорттық жаттығу эстафетасын өнердегі бауырларыма жолдаймын, – деді әнші.
Сондай-ақ ол бұл жаттығуды 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге қайталамау керектігін ескертті.
Егер жасың 18-ге толмаса, үйде жасамаған дұрыс. Отжиманияның мына түрін 4-ақ рет жасадым, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің спортпен айналысатынына қызыға қарап, жағымды пікірлер қалдырып жатыр.