Бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә ел күтпеген мәлімдеме жасады

0
326

TikTok желісінің жұлдызы Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 95 ән жазғанын айтты. Екі жарым жылдан соң бостандыққа шыққан ол жақында желідегі тыңдарманын жаңа туындыларымен қуантпақ.

Бұл жайында Мұрат Әбділдә Qogam Dauysy жобасына берген сұқбатында айтты. Ол абақтыға жатуының да өзіндік пайдасы болды деп есептейді.

«Мұның да қайыры бар деп ойлаймын. Барлығы біледі, мен ішетінмін. Ал түзету мекемесінде арақ-шарап жоқ. Сондықтан екі жарым жыл қаным таза болды, ішкен жоқпын. Бостандыққа шыққан соң да өзіме деген сенімділік пайда болды, ішкен жоқпын. Алланың қайырлы бір ісі сол болды. Екіншісі, бостандықта жүрген кезінде дүние қуып, плагиатқа, жалқаулыққа, өтірік істерге үйреніп қалған едім. Өзім ақын болған соң кез келген шетелдік әнге сөз жазып, студияға барып, жаздыра салатынмын. Бірақ мен негізі сазгермін. Қазақ елі менің сазгер екенімді біледі, 22 әнімің біреуі өзімдікі. Сол жаққа барып, Алланың қалауымен 95 ән шығарып қайттым. Ешқандай плагиат емес, қазақтың бір жігітінің шығарған әні деп білсеңіздер болады. Сөзін де өзім жаздым. Қыркүйек айының соңында «Маған ұнайсың» деген керемет әнімді сіздерге ұсынамын», – деді Мұрат Әбділдә.


ПІКІР ЖАЗУ