Көкпардан қырғыздармен финалда жеңіс салымын салған балуанға жерлестері ат мінгізді

18.09.2024
15:09
0
632
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен көкпардан Қазақстан-Қырғызстан ойынында жеңіс салымын салған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Құрманбек Тұрғанбекке ауылдастары ат мінгізді.
Еске сала кетсек, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалында кездескен еді. Ойынның бірінші кезеңі 1:3 есебімен қырғыз көкпаршыларының пайдасына шешілді. Бірақ екінші кезеңде есеп теңесті (4:4). Ал қосымша уақытта Құрманбек Тұрғанбектің салымының арқасында Қазақстан құрамасы жеңіске жеткен болатын.
Құрманбек Тұрғанбек – көкпардан Қазақстан құрамасының көшбасшысы. Ол – Көшпенділер ойындарының екі дүркін жеңімпазы (2022, 2024 жыл), «Алтын тұғыр» сыйлығының, «Ғасыр көкпаршысы» атағының иегері.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

12.07.2025
10:13
Өлі туылған сәби жерлеуге бірнеше сағат қалғанд...

12.07.2025
09:17
Ер адам туған қызын әлеуметтік желідегі парақша...

11.07.2025
19:30
Ресей Талибанды мойындады: Қазақстан да сол жол...

11.07.2025
18:49
"Міне, нағыз әкім": Шұбартүбек әкімі дәретханан...

11.07.2025
18:25
Бауыржан Исаев: Өнерде 30 жыл жүрсем де атақ бе...

11.07.2025
17:47
«Бәрі жақсы болады»: Мәдина Сәдуақасова Тұрсынб...