«Кино болса, тілге тіл тигізбейді ғой»: Ақбота-Нұрдың актермен сүйіскен видеосы тарады

0
745

Әлеуметтік желіде Ақбота-Нұр мен Ермек Шынболатовтың сүйіскен видеосы тарады. Көпшілік «Дәстүр» фильмі арқылы танылған актер мен «Кешью» тобының бұрынғы солисін сынның астына алған.

Видео TikTok желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Онда Ақбота-Нұр мен Ермек Шынболатовтың бір-бірін құшырлана сүйіп, артынша күліп жібергенін байқауға болады. Видео авторы оған «Кино ма, шынайы ма?» деген жазба қалдырған. Мұны көрген желі оқырмандары қос актердің әрекетіне түрлі пікір жазып отыр.

Көпшілік Ақбота-Нұр мен Ермектің арасында сезім болуы мүмкін деп те топшылады. «Кино болса, тілге тіл тигізбейді ғой», «Үйленген жігіт еді ғой», «Ұялса болады ғой» деп жазды олар.



ПІКІР ЖАЗУ