Қазақстанда бензин қымбаттайды - Энергетика министрі
436
Мәжілісте өткен брифингте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы өсетінін мәлім етті.
Министр бағаның өсуі - Қазақстанда мұнай өнімдерінің жетіспеушілігімен байланыстырады.
"Қазіргі уақытта біздің нарық тапшылықты сезініп отыр. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін модернизация жүргізіліп жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін тиісті қаражат қажет. Мұнай өнімдерінің бағасында жабдық сатып алу, қызмет көрсету, операциялық шығындар, логистика, жаңа мұнай құбыры және теміржол инфрақұрылымын салуға алынған қарыздар да есепке алынатын болады", - деп ескертті Сәтқалиев.
Cәйкесінше, бензин бағасының көтерілуі - мұнай өнімдерінің бағасына әсер етпей қоймайды.
"Бағаның қандай болатыны - ішкі нарықтағы мұнай бағасына байланысты. Қазіргі уақытта біздің ішкі нарықтағы баға көршілес елдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде, мұнай өнімдерінің бағасы да ең төменгі. Нарық ашылған жағдайда, біздің арзан өніміміз қымбат өнімдермен араласып кетеді, бұл өз кезегінде бағаның өсуіне әсер етеді", - деп қосты министр.
Айта кетейік, 2036 жылы жеңіл мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі күтілгендіктен, жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
20:23
Асылы Осман: Уағыз айтып жүргендердің өзі дінді...
14.08.2026
19:50
"Бала қор болады". Асылы Осман аралас некеге қа...
14.08.2026
19:46
Алматыда жарықтың жаппай өшуіне не себеп болған...
14.08.2026
19:03
Павлодарда прокуратура қызметкері 60 жастағы әй...
14.08.2026
18:20
«Ене болу оңай емес екен»: Жазира Байырбекова т...
14.08.2026
18:03
Электр жарығы толық қалпына келтірілді – Энерге...