«Өмір сүрудің рахатын сезініп жатқандаймын»: Мөлдір Әуелбекова елді таңқалдырды

0
170

Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова су жаңа суреттерімен елді тәнті етті.

Ол фотоларды Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Өмір сүрудің рахатын шын сезініп жатқандаймын. Бұрынғыдай арпалыс, біреуге бірдеме дәлелдеу, қатардан қалып қалмау, ақша қайдан табамын, тағысын тағы сияқты уайым сейілді. Аллаға сансыз шүкір! Өнердегі 20 жылдық еңбегім мен өндірісімнің жемісі тұрақтылық орнатты. Сіздерге де қуатты жастық шақта талмай еңбектеніп, жемісін көруді бұйырсын! Бастысы, армандарыңызды ешқашан сатпаңыздар! Армандар жетелейді! Сеніңіз! Мен өсіп, өнген қазақ еліме ән арнаудан жалықпаймын!», – деп жазды әнші.

Мұны көрген көпшілік өнер иесіне түрлі пікрі жазып қалдырды. Олар әншінің сұлулығына тәнті болды. «Әбден лайықсыз», «Сұлулық», «Ерекше образ», «Керемет», «Алла тіл-көзден сақтасын», «Сен үшін қуаныштымыз»,»Өміріңіз мөп-мөлдір болсын», – деп жазды жұрт.


ПІКІР ЖАЗУ