Динара Зәкиева бала психикасын бұзатын ойындар тізімін жариялады
Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасына балаларға қауіпті кітаптар, онлайн ойындар мен топтардың тізімін жариялады.
Тізімде «Көк кит», «Қаш немесе өл» сияқты топтар көрсетілген. Ол ата-аналар чаттарына таратылды.
Балалардың құқығын қорғау комитеті барлық мектеп чатына қауіпті топтар мен кітаптардың тізімін, сондай-ақ назар аудару керек белгілер мен балаларды түрлі қатерлерден қорғау үшін көмекке жүгінуге болатын қызметтердің байланыс мәліметтерін қамтитын ескертуді жіберді, – деп жазды Динара Зәкиева.
Сондай-ақ ол ата-аналарға балаларының жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін жаттап алғанына көз жеткізуі маңызды екенін атап өтті. Балалардың өмірге қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінгені де аса қажет.