«Тізерлеп кешірім сұра»: Зайсанда оқушы қызға қатарластары қорлық көрсеткен

0
582

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында оқушы қыздар қатарластарына тіл тигізіп, тізерлетіп кешірім сұратқан.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалуда. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады», – делінген хабарламада.

Мектеп оқушылары темекі шегіп отырып, өздерінің әрекеттерін видеоға түсірген.

«Біздің артымызда қаншама адам тұр. Тізерлеп кешірім сұра. Бағанадан бері саған хабарластым. Қоңырауға жауап бермесеңдер, телефонды не үшін ұстайсыңдар? Саған 5 мың теңге айыппұл. Бұл екеуі 10 мыңнан қойсын, 20 мың теңге ертең тауып берсін. Бұл видеоны бүкіл Зайсан көреді. Ертең банк картасына 10 мың теңге жібер. Аналарыңа, мұғалімдерге айтсаң, жақсылық күтпе», – дейді оқушы қыздар.


ПІКІР ЖАЗУ