"Тізерлеп кешірім сұра": Зайсанда оқушы қызға қатарластары қорлық көрсеткен

08.10.2024
22:14
0
647
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында оқушы қыздар қатарластарына тіл тигізіп, тізерлетіп кешірім сұратқан.
Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Кәмелетке толмағандар полицияға ата-аналарымен бірге жеткізіледі. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, барлық қатысы бар құқық бұзушылардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу үшін материал дайындалуда. Барлық кінәлілер профилактикалық есепке алынады", – делінген хабарламада.
Мектеп оқушылары темекі шегіп отырып, өздерінің әрекеттерін видеоға түсірген.
"Біздің артымызда қаншама адам тұр. Тізерлеп кешірім сұра. Бағанадан бері саған хабарластым. Қоңырауға жауап бермесеңдер, телефонды не үшін ұстайсыңдар? Саған 5 мың теңге айыппұл. Бұл екеуі 10 мыңнан қойсын, 20 мың теңге ертең тауып берсін. Бұл видеоны бүкіл Зайсан көреді. Ертең банк картасына 10 мың теңге жібер. Аналарыңа, мұғалімдерге айтсаң, жақсылық күтпе", – дейді оқушы қыздар.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

03.07.2025
21:11
Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды

03.07.2025
20:03
Баян Алагөзова мен Динара Сатжан Түркияда қалай...

03.07.2025
17:52
Өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды

03.07.2025
17:48
Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты

03.07.2025
16:49
Баян ба, қоян ба, маған бәрібір – Меруерт Түсіп...

03.07.2025
16:28
Ұшақ апатынан борттағы бар адам ажал құшты