Роза Рымбаева туралы фильм түсірілмек

0
194

Танымал әнші Әли Оқапов анасы туралы фильм түсіргісі келеді. Бұл жайында өнер иесі «Жұлдызды жұп» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге өкінішке қарай жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайықты, – деді ол.

Бұл көпшіліктің көңілінен шықты.

«Анасы киноға лайықты», «Мемлекет өзі-ақ түсіруі керек қой», «Ол кісі туралы фильм көрер едім», «Лайықты ұл»,  «Ерекеше тұлға, дарынды адам», – деп жатыр көпшілік.



ПІКІР ЖАЗУ