Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали 9 жылдан кейін үйлену тойын жасады

0
337

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали көптен күткен үйлену тойын жасады.

Ерлі-зайыпты осыдан 9 жыл бұрын шаңырақ көтерсе де, той жасаудың реті келмеген,

Айқын мен Жұлдыз үйлену тойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде жасаған. Ерлі-зайыпты бұл қуанышына барша туыстарын, жақындарын, достарын шақырған. Қадірлі қонақтар арасында бірқатар өнер иесі болды.

Дүбірлі той алдында жұлдызды жұп ел алдында тағы бір мәрте некелерін қиып, бір-біріне жүзік тақты. Айқын мен Жұлдыз желі қолданушыларының да қамын ойлап, 9 жылдан кейін жасаған үйлену тойы қалай өткенін Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Жаным Жұлдыз, мен сені жақсы көремін. Мен Жұлдызға үйленем дегенде бәрі қарсы болды. Достарымнан бастап, әке-шешемнен бастап, оқырмандарыма дейін бүкіл дүниежүзі маған қарсы болды. Мама жылады, ана балаларды деп… Бәріміз біргеміз, шүкір. Мен бәріне қарсы шықтым. Қалай қаласам, солай болады, Жұлдызды алам дедім. Ақ көйлек киесің деп уәде бердім. Міне, киді. Мен саған әкең де, күйеуің де, ағаң да, құрбың да сияқты болам дедім  – дейді әнші.



ПІКІР ЖАЗУ