Черчесовтің мәселесін өршіте бермей, кеңпейілдік танытқанымыз абзал - министр

18.10.2024
00:01
0
154
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғам тарапынан наразылық туғызған болатын. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осы жайтқа қатысты пікір білдірді.
Министр бас бапкердің міндеті ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару екенін атап өтті.
Сонымен қатар ол мәселені ары қарай өршітпей, кешірімді болуға шақырды.
Құрметті достар! Әрине, Станислав Черчесовтің «француз тіліне» қатысты қалжыңы орынсыз болды. Мұны Қазақстан футбол федерациясы да, бапкердің өзі де бек түсінеді. Дегенмен Черчесовтің басты міндеті – ұлттық құраманы жаңа деңгейге шығару. Ендеше, оған ең алдымен кәсіби қызметіне қарап баға беруге шақырамын. Сондықтан мәселені одан әрі өршіте бермей, халқымызға тән кеңпейілдік танытқанымыз абзал, - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.Фото: ҚФФ
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.07.2025
14:21
"Кім көрінгенді ала береді": Полиция қызметкерл...

13.07.2025
14:04
Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі жайлы жазды

13.07.2025
13:27
Мейрамбек Бесбаев Мальдив аралдарында демалып ж...

13.07.2025
12:57
Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

13.07.2025
12:21
Раймның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды

12.07.2025
17:14
Үндістандағы ұшақ апатының нақты себебі анықталды