Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

0
551

Алматы облысында Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан бірнеше күн бұрын қашып кеткен күдікті ұсталды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде 21 қазан күні уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты. Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді, – деді полиция өкілдері.

Кілтсөздер:талғар


ПІКІР ЖАЗУ