Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

25.10.2024
10:07
0
732
Алматы облысында Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан бірнеше күн бұрын қашып кеткен күдікті ұсталды.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Тереңқара ауылының шетінде 21 қазан күні уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды.
Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты. Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді, - деді полиция өкілдері.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

30.06.2025
20:04
«Қара нан. Әнсіз өткен күн»: Төреғали Төреәлі т...

30.06.2025
19:39
«Көпшіліктің сұрауымен…»: Кәмшат Жолдыбаева күй...

30.06.2025
18:43
Димаш танымал әртіспен көзге түсті

30.06.2025
17:36
Арықтап кеткен Алтынай Жорабаева жұртты тәнті ...

30.06.2025
17:18
Парамент депутаттары каникулға кетті

30.06.2025
16:56
Қылықты әйелге еркек барын беруге дайын – Ерке ...