«Клиенттерін көрсеңіз, жағаңызды ұстайсыз». Қызылордада сеkсyалды құлдықта болған қыздың анасы

0
550

Қызылордада секусалды құлдықта болған қыздың анасы сұхбат берді, деп хабарлайды politico.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мен барлық детальдарды айта алмаймын, себебі тергеу құпиясын бұзамын. Бірақ кейінірек клиенттер туралы бәрін айтып беремін. Сеніңіз, сіз бұл тізімді көріп жағаңызды ұстайсыз, дейді анасы.

Тергеудің қашан аяқталып, қанша адам істі болып жатқанына байланысты сұраққа былай жауап берді.

Мен қазіргі уақытта қанша адам ұсталғанын және қанша адам жауапқа тартылатынын ұқпадым. Себебі бізді 10 күн бойы ДВД-ге шақырған жоқ. Бірақ мен бес тергеушінің істі қарауға қосылғанын білемін. Олардың айтуынша, тергеу қазанның соңына дейін аяқталады. Бір іс сотқа жіберілді, бір іс прокуратурада, ал үш іс дайын. Мен оларға қол қойдым. Күдіктілер арасында құқық қорғаушылар мен ықпалды адамдар бар.

АНнасының сөзінше, қызын кейде үйге қайтару үшін кейде қорқытуға тура келген.

Мен телефон соғып, егер ол қазір оралмаса, мектепке баратынымды айтатынмын. Солай қорқытсам қайтып оралатын, бірақ кейін қайта қашып кететін. Мені алдап 10-15 минуттан кейін оралатынын айтып, бес сағатқа жоғалып кететін, дейді анасы.

 

Анасы қызы сексуалды құлдықта болғанда ата-анасы үйінде болмады деген қауесетті жоққа шығарды.

Ол жоғалып кеткен сайын мен оған «Қызым, не болып жатыр? Айтшы, біз көмектесеміз, үйге орал!» деп сұрайтынмын. Мен оны қайтару үшін және не болып жатқанын түсіну үшін бар амалды жасадым. Ол мұндай нәрселердің болғанын тіпті меңзеп те айтқан жоқ.Қазір мен көп нәрсені дұрыс істемегенімді түсініп отырмын. Ол біз бәрін біліп қояды деп қорыққан, егер біз шындықты білсек, көтере алмайды деп ойлаған. Ол ата-анасына, әжесіне алаңдады. Қыздарының үйде болмағанынан бізге қиын болғанын көрді және одан да жаманы, сұмдық оқиғаны білсе жынданып кетер деп уайымдады, дейді анасы.



ПІКІР ЖАЗУ