"Шүлен тарату басталды". Ақбота Керімбекова атақ алған өнер иелеріне шүйлікті

26.10.2024
14:46
0
1071
Танымал эстрада жұлдызы Ақбота Керімбекова Республика күнінде марапаттың астында қалған әріптестеріне қатысты пікір білдірді.
Керімбекова Instagram-дағы парақшасында азулы жазба жариялап, атақ алған өнер иелеріне шүйлікті.
Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау?! "Ерен еңбегі үшін", "Құрмет", "Парасат", "Даңқ". Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен, өзі?! Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен. Ала берсін. Бірақ мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма?! Үйдегілер кейде сұрап қалады "Әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңғырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?" дейді. "Ай, айналайындар-ай, үкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Үкімет те өзі үшін ән салмайтындарға бермейтін шығар?! Одан кейін атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт – сол" деп құтыламын. Ойым дұрыс шығар деп ойлаймын. Тағы шындығым үшін "көре алмай отыр" демесе екен. Айтпақшы, қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған қазақ Tik-Tok-дағы легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер?! Көре алмай жүрсіңдер ме, - деп жазды әнші.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

18.07.2025
18:13
Тұрсынбектің әйелі: "Бұл жай ғана өнер..."

18.07.2025
17:58
Алагөзов өгей қызына қымбат сыйлық жасады

18.07.2025
17:26
«Менің үнсіздігімді 3 пәтермен сатып алғысы кел...

18.07.2025
17:00
«Есімін де таңдап қойғанбыз»: Елдос Колобок бал...

18.07.2025
16:58
Әйелін ұрып-соққан экс-дипломат сотталды

18.07.2025
16:07
2026 жылдан бастап Салық кодексіне бірқатар өзг...