Алматыда таксист жолаушы қыздарға ашық түрде есірткі ұсынды

0
150

Таксиге отырған әрбір жолаушы құрмет пен қауіпсіздікті күтеді. Бірақ қандай да бір себептермен, шақырылған көлікпен жол жүру көптеген қыздар үшін нағыз сынаққа айналады.

Жаңа адамдардың «ТҰМАР» азаматтық науқаны белсенділері Алматыда тағы да рейд жүргізді. Қыздар арнайы қосымша арқылы таксиге тапсырыс берді және сапарды бейнежазбаға түсіріп алды. Нәтижелер көңіл көншітпейді. Жүргізушілер өздеріне орынсыз сұрақтар қоюға, ерсі ұсыныстар жасауға, әдепсіз сығалауға, тіпті есірткі ұсынуға ерік берді. Қыздар күнделікті сапар кезінде осындай қарым-қатынасқа тап болады.

Достарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз таксиде келе жатқанда, қашанғы уайымдай бермекпіз? Жүргізушілердің бұл әрекеттерінің себебі – жазасыздық.

«ТҰМАР» белсенділері жүйелі рейдтер жүргізіп, өздеріне жолаушы қыздардың жеке шекарасын бұзуға ерік беретін жүргізушілердің жүздерін жария етуді жалғастырады. Жаңа адамдар қыздарды енді үнсіз қалмауға шақырады. Таксидегі алымсақтық жағдайлары туралы айтыңыздар, полицияға арыз жазыңыздар. Олар енді біздің қорқынышымыздың артына жасырына алмайды. Ерте ме, кеш пе, олардың әрекеттері бүкіл Қазақстанға белгілі болады.


ПІКІР ЖАЗУ