«Күйеуім шаршаса, төркініме кетіп қаламын»: Мархаба Сәби алғаш рет отбасы туралы айтты

0
374

Жастар арасында танымал әнші әрі хит әндердің авторы Мархаба Сәби алғаш рет жанұясы туралы сыр шертіп, отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтты.

Мархаба Сәби отбасылық өмірі туралы жан сырын «1001 түн» бағдарламасында ақтарды. Ол жолдасы екеуі де өнер адамы болған соң, бір-бірін жақсы түсінетінін жеткізді. Әнші жолдасы шаршаса, қызымен бірге төркініне кетіп қалатынын айтты.
«Жақсы жылы сөздерді неге аяп тұрамыз? Неге жиірек айтпаймыз? Меніңше, мейірімділік жетіспейді. Әсіресе отбасылық өмірде қатты байқалады. «Қыз – боз бала» әнінің жалғасы «Демалам» әні. Оның өз мағынасы бар. Адамдар бір-біріне жылы сөздер де айтып тұру керек. Арасында бір-біріне демалыс та беріп тұру керек. Әркімнің жеке кеңістігі болу керек деп есептеймін. Ол керісінше, адамдардың бір-біріне деген сезімін күшейтеді. Ажырамайтын ғашықтардың өзіне де жеке уақыт керек. Жолдасым екеуміз аптасына бір рет бір-бірімізге демалыс беріп тұрамыз. Кейде күйеуім шаршап кетсе, мен баламды алып, төркініме кетіп қаламын. Кейде, керісінше, мен жалғыз қалғым келген кезде, күйеуім қызымды алып қалады. Мен үшін демалыстың төресі – жалғыз қалып, ән жазу, жеке шығармашылығыммен айналысу. Маған концерт беріп, сұхбаттасқан онша ұнамайды. Бірақ өнер адамы болғасын, тыңдарман қауым күтеді. Болашақта жанды дауыста концерт өткізу жоспарда бар», – деді әнші.


ПІКІР ЖАЗУ